Мозамбик елінде шашты тақырлап алу өмірге қауіпті бола бастады

/uploads/thumbnail/20170710110300580_small.jpg

Мозамбик полициясы елдегі барлық тақыр басты ер адамдарға өмірлеріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген.  Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап.

Бұл проблеманың көтерілуіне жақында орын алған екі тақыр басты ер адамның өлімі себеп болды. Біреуінің басы шабылып, іш құрылыстары сыртқа шығарылып тасталған еді.

Мозамбик құқық қорғау органдары бұл қылмыстарды жасаған 20 жастағы екі жігіт екенін анықтаған. Қылмыскерлер ішкі ағзаларды діни рәсімдер жасауға бақсы-балгерлерге сатып жібергенін айтқан.

Жергілікті полиция басшылығы мұндай қылмыстардың орын алуы осы аймақта таралған діни сенімдер мен жораларға байланысты дейді. «Жергілікті тұрғындар  тақыр басты адамдар бай болады» деп ойлайды дейді.

Осы аймақта соңғы жылдары альбинос адамдарға да шабуыл жасалған болатын. Олардың ағзалары түрлі қоспалар жасауға пайдаланған дейді полиция басшылығы.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар