Құтқарушылар Көкшетаулық әйелді 3 метрлік құдықтан алып шықты. 7 маусым күні сағат 03:52-де Төтенше жағдай департаментіне канализация құдығына түсіп кеткен әйел туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Ақмола облысының Төтенше жағдай қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 3 мерт тереңдікке түсіп әйелге көмектеспек болғанда ол көмектен бас тартып өмір сүргісі келмейтінін айтқан. 3,2 метрлік құдық суық суға толып және газдалған еді. Әйелдің қарсылығына қарамастан оны құтқару мүмкін болған. Әйел ауруханаға есінен танып қалған күйі жеткізілген.
Шолушы: Назерке МҰСА