Түрлі-түсті шолақ шалбар киген жігіттер жұрттың мазағына қалды

/uploads/thumbnail/20170710110329909_small.jpg

Сән әлемінде ер адамдардың киімдері әйелдердікінен кем түспейді. Жыл сайын жаңа үлгілер әлемдік нарыққа шығуда. Соның бірі америкалық Hologram City ұсынып отырған киімдер. Аталған сауда белгісінің ұсынып отырған киімі - шілтерлі шолақ шалбарлар .

Олар түрлі-түсті болады екен: алқызыл, көкшіл, жасыл, сары,т.б. Бұл шолақ шалбардың құны 49 долларды құрайды.

Назарларыңызға ұсынылған киім үлгісін көрген желі қолданушыларының бірі : «Егер жігітім осындай киім киетін болса, сол сәтте айырылысып кететін едім» деп пікір білдірді.

Сонымен қатар түрлі-түсті шілтерлі жейделер де сатылымға шыққан. 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар