Америкалық Колорадо штатының тумасы «America's Got Talent» телешоуының келесі кезеңіне өтті деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі
29 жастағы Харви есімді қыздың айтуы бойынша, ол есту қабілетінен 11 жыл бұрын ревматикалық аурудан кейін айырылған. 4 жасынан музыкамен айналысқан Харви енді жад бұлшық еті мен визуалды тюнерді пайдаланыды. Сахнада музыкалық битті еденнен шығатын діріл (вибрация) арқылы қабылдайды екен. Аталмыш телешоуда Мэнди Харви өзі шығарған әнді айтып қазылар алқасымен көрермендердің ықыласына бөленді.
Шолушы: Альмира АСЛАНОВА