ДАИШ кепілде болған Қытайдың екі азаматын өлтіргендерін мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170710110811761_small.jpg

ДАИШ жиһадшылар ұйымы мамырдың аяғында кепілде ұстаған Қытайдың екі азаматын өлтіргендерін айтты, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Екеуін Пәкістаннан ұрлап кеткен, ол кезде кімнің ұрлағаны белгісіз болған.

Бірнеше мемелкетте, оның ішінде Қазақстанда тыйым салынған аталмыш ұйым бұл жайында Telegram әлеуметтік желісі жайында хабарлады.

Қытай сыртқы істер министрлігі хабарламаға уайымдағандарын және іс бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қытай азаматтары, ер адам мен қыз бала пәкістандық Кветта қаласына урду тілін үйренеміз деп барған, алайда ДАИШ ұйымының мүшелері оларды ұрлап кеткен.

Ол кезде ұрлықтың айыбын ешқандай ұйым мойнына алмаған еді.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар