Біраз уақыт бұрын Украинада «Укразалиныци» журналы поезд жолаушыларының арасындағы жыныстық қатынас жайлы «Магистралл-экспресс» жариялаған мақалаға қарсы пікір жазды. «Магистралл-экспресс» жариялаған «Сапардағы махаббат» атты мақалада жолаушылар арасындағы жыныстық қатынас туралы 5 дерек көрсетілген. Бұл туралы life.ru жазады.
«Поезд ішінде плацкартта жыныстық қатынасқа түсуге болмайды . Ондай жағдай орын алып жатса, жолсерік полиция шақыруы керек. Ал купеге билет сатып алып, қарым-қатынасқа түсеміз десе ешкім қарсы болмайды», - деп мәлімдеді украиналық компанияның қызметкері.
Сонымен қоса делегация мен шетелдік азаматтарға жалға берілетін вагондардың бар екенін айтып өтті. Ол вагондағы қарым-қатынасты жалға алушылар өздері шешеді. Алайда ол вагондарға алдын ала тапсырыс беру керек.
Аударған: Сабина Рамазан