Қостанай облысында құйындай соққан дауылдың салдарынан бірнеше үйлер қирап қалды

/uploads/thumbnail/20170710110938112_small.jpg

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында болған дауылдың суреттері мен видеолары толассыз жариялануда. Бұл жайында Қамшы ақпараттық агенттігі alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай-2 микроауанында құйындай жел соғып, жауын-шашын, бұршақ жауған. Куәгерлердің бірі жіберген видеода дауылдың ғимараттар мен үй шатырларын қалай қиратып жатқаны көрінеді.

«Аяқ астынан бұршақ жауып, дауыл тұра бастады. Қатты қорқып кеттік. Ал дауыл мен бұршақтан кейінгі ауданның түрін көру тіптен де қорқынышты», - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Күләш Алмағамбетова есімді әйел.

Естеріңізге сала кетсек, 8 мамыр күні Қостанай облысында құйындай соққан дауылдың салдарынан бірнеше үйлер қирап, көшелер өзен арнасына айналған болатын.

Шолушы: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар