Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің шымылдығы ашылады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
ЭКСПО 2017 — Қзақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақтың энергиясы) болып табылады.
Көрмеде 100-ден астам елдің және 22-халықаралық ұйымның өкілдері шараға келушілерді болашақ технологиясымен таныстыруға әзір. Ал қазақстандық өнертапқыштар жаһан назарына тың жобаларын ұсынып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмаса алады. Елордаға күніне 20 мың турист келеді деп күтіліп отыр. Еске сала кетейік, осынау ауқымды шараға дайындық соңғы 5 жыл бойы жүргізілді.
Айта кесек, бүгін 19:15-те Youtube желісінің ресми каналында «EXPO-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты онлайн көрсетіледі.
Дайындаған: Айгерім Таубай