Назарларыңызға ұсынылып отырған оқиға қиялдан туған дүние болып көрінуі мүмкін, алайда бұл шындық. Дәрігер әйелге іште өлген баланы алдырту үшін жасанды түсікке арналған дәрілер жазып береді. Бірнеше күннен кейін УДЗ көрсеткіші іштегі баланың тірі екенін көрсетеді.
Катерина Уреджи әйелдер дәрігеріне келеді. Оның айтуынша дәрігердің көмегіне бірінші рет жүгініп отырған жоқ. Тексерістен өткізген дәрігер әйелдің құрсағындағы сәбидің жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Дәрігер әйелде жатырды босатудың үш жолын ұсынады: іштегі өлі сәбимен біраз уақыт жүрсе, іштің өзі босайды. Және операбелді, медикаметозды жолды ұсынады. Ал үшіншісі жатырды босату үшін түрлі құралдар қолдану. Катерина үшінші нұсқаны таңдайды.
«УДЗ-дан өткен кезде ойымда еш жаман нәрсе болған жоқ. Дәрігер іштегі баланың өлі екенін айтқанда жүрегім қақ айырылды», дейді Катерина.
Дәрілер ішуді таңдау себебі, үйдегі Томас есімді ұлына күтім жасау керек болғандығынан екенін айтып өтті.
Гормонды дәрі жатырдың жұмсарып, босануға бейімдеу керек болған. Алайда екі күн дәріні қолданған әйелден тоқтаусыз қан кете бастаған. Сол сәтте дәрігеріне барып, басқа дәрі беруін сұраған.
УДЗ тексеруі кезінде дәрігер үнсіз шығып кетіп, артынша өзінің әріптесімен оралған. Келген дәрігердің айтуы бойынша сәбидің жүрегі соғып тұрған. Дәрігер ұсынған дәрілер әйел мен баланың өміріне қауіп төндірген.
Сәби анасының құрсағында жатқанда түсікке арналған дәрі қызға қалай әсер еткені белгісіз болды. Бірақ медицина қызметкерлері Катеринаны алдын ала ескерту жасап, дәрінің әсер ететінін айтқан. Жүктіліктің12-ші айында орын алған жағдай сәбидің дамуына өз зиянын тигізбей қоймас еді.
Сол сәтте дәрігерлер Катеринаға түсік жасатуды ұсынған. Катерина бұл сәбиді көптен күткенін айтып, ұсыныстан бас тартқан. Дәрігерлердің біліксіздігіне наразылығын білдірген.
Әйел бүгінде болған жайтты ұмытып, сәбиінің дүниеге аман есен келуін күтумен жүр. Ал дәрігерлерге Гипократқа берген антына адал болып, жауапкершілікпен қарауды сұрайды.