Таяу Шығыстағы 9 мұсылман мемлекеті Катармен дипломатиялық байланысын үзді. Ал, Түркия осы елден 5000 әскерлік база жасақтады. Иран парламентіне шабуыл жасалды. Таяу Шығыста соңғы үш күннің ішіндегі болған саяси жағдай туралы Түркияның Yeni şafak газеті жариялаған мақаланы Қамшы тілшісі оқырман назарына ұсынады
Таяу Шығыста оқиғалар бірінен кейін бірі адам сенгісіз жылдамдықпен орын алуда. Бір түн ішінде барлығы өзгеріп кететіндей жағдай орнап тұр. Достық пен жауластықты ұстанған елдер де шешімдерінен позицияларынан тез өзгеріп тез айнып жатады. Тек құлдық қана қалады. Елдер бір-біріне қарсы ұйымдар мен одақтар құрып тістесіп жатыр. Ислам мен мұсылмандарға қарсы соғысты сізге «Ислам жолында мұсылмандар үшін соғыс» деп түсіндіретін болса, қалай түсінер едіңіз?
Мұнай мен газды алып біреулерге билік пен белгілі-бір режимді саяси қолдауды сыйға тартады. Режим жыл сайын саяси қолдауға миллиард қаражат жұмсайды. Таяу Шығыс мұнайы, газы, намысы- барлығы әлемдік күштердің аяғының астында.
Оккупацияландыру мен жауыз саясат жалғасуда
Негізінен алғанда АҚШ пен Британия осы жердің қожайындары. Тек бұлар ғана осы елдің халқының тағдырын анықтап шешіп отырады. Диктаторлар, лидерлер, монархтардың барлығы осы елдермен қойылған және соларға жұмыс істейді. Егер бір мемлекеттің халқы мен интеллигенциясы оларға қарсылық көрсететіндей қадам жасаса бірден азаматтық соғыстың оты тұтанып, оларды бірден оккупациялайды, құртып жібереді. Мемлекеттерді бір-бірімен шағыстырып, хаос, зобалаң орнатады. Мұсылман қоғамында проблема таусылмайтындай, олар әрдайым көмекке мұқтаж, зәру болу үшін жасалады, бұл іс-әрекеттер.
Жалғыз Таяу Шығысқа қатысты бағындыру жоспары ғана мүлтіксіз, өзгеріссіз.
Катар кризисі – иран-саудит соғысының алғашқы хабаршысы. Осының бәрі «Үлкен Таяу Шығыс» жоспарының бір бөлігі. Бұл жоспарға барлық мұсылман елдері Түркия, Иран, Пәкістан тіпті Индонезияға дейін кіреді. Ол мемлекет Америкамен достық қарым-қатынаста ма жоқ па, ол маңызды емес. Кез-келген ел үшін арнайы жоспар бар. АҚШ-тың одақтастары да, мұсылман әлемінің жаулары да шабуылға ұшырайды. Батыстың жоспарына сай, барлық мұсылман елдері әлемнің саяси картасынан жойылуы тиіс. Олардың орнына бір-бірімен үнемі қақтығысатын шағын қала-мемлекеттер пайда болуы керек. Оларды осылай басқару оңай болмақ.
Катар кризисі аз уақыттың ішінде Сириядағы соғысты да шаң қаптырып кетті. Дәл қазір барлық назар Таяу Шығысқа ауды. Бұл АҚШ-тың жаңа президенті Трамптың орындауындағы арандату әрекеті.
Трамптың Эр-Риядқа бірінші сапары барысында араб шейхтарына шағын бірақ өте бай Катарды бұғаттау тапсырылды. Бір тәулікте араб монархтары Катардан бас тартып оны «сатқын» деп жариялап, барлық қарым-қатынасты үзді. Арада біраз уақыт өтпей Иран террористік шабуыл астында қалды. Иран парламенті мен Хомейни кесенесіне шабуыл жасалды.
Бұл мұсылман елдері арасында қақтығысты өршіту операциясы болды. Осы терракт арқылы Иран мен Сауда Арабиясын өзге араб елдерімен бетпе-бет келтіріп шиеленісті жағдайдың орнатуына себепші болып отыр. ДАИШ мемлекеті (ИГ) Иранға алғаш рет шабуыл жасап отыр. Ешқашан Иранға, Израильге шабуыл жасамаған ДАИШ аяқ-асты Тегеранды қанға бояды. Мұнда бір гәп бары айдан анық.
Әлі талай террористік ұйымдар құрылады. АҚШ түрлі ұйымдар соның ішінде күрттер партиясы мен Гүлен тобы арқылы Түркияның дамуы мен өсуіне тосқауыл қоймақшы. Иран мен араб мемлекеттерін қағыстыру үшін әлі талай террористік ұйымдарды эфирге шығарады. АҚШ Иранға қарсы қадам жасады, Иранға оқ жаудырды. Сауда Арабиясына Иранды құрудың маңыздылығын көрсетті. Катар АҚШ-тың антиирандық коалициясына қосылған жоқ, сондықтан АҚШ оны құрбандық етпек.
Бұдан да зор, үлкен терракттар болады деп күтілуде. Тіпті саудиттар Катарға өз әкерін кіргізуі мүмкін. Міне, сол кезде үлкен соғыс болмақ. Ал болған оқиғалар желісіне қарасақ, Сауда Арабиясы АҚШ-тың қармағына қалай түсіп қалғанын білмей қалған секілді.
Меккедегі соғысқа дайындық жүруде
«Мұсылмандар бір-бірімен соғысады». «Соғыс ошағы Исламның жүрегінде орнайтын болады», «екі жылдан кейін соғыс парсы шығанағына жетеді» деген болжамдар енді жүзеге асуда.
Меккеге танктар келмей тұрып..
Таяу Шығыста үлкен соғыс орнайтындығы әу бастан белгілі болған. Әр жасалған қадам соғысты Меккеге жақындатуда. Танктар Меккеге жақындамай тұрып әрекет етуге болады. Меккеге түсетін ракеталар Иранның немесе АҚШ-тың ракеталары болмақ. Иран мен саудиттер арасында соғысты өршітіп жатқандар Катарды үлкен жарылыстың болуын итермелейтін жарғыш құрал ретінде қолданып отыр. Өкініштісі және ең сорақысы, жергілікті тұрғындардың өздерін мемлекетті құртушылар етіп таңдаған.
АУДАРҒАН: Назерке МҰСА