Талибтердің басқаруындағы жерлердегі ауған халқының әлем білмейтін өмірі (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710111034730_small.jpg

Батыс елдері Ауғанстанға басып кіргенде талибтерді қууға тырысты. Ең қызу ұрыстар Гильменд өлкесінде жүрді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі bbc-ге сілтеме жасап.

Гильмендтен батыс елдері кеткеннен кейін талибтер бұрын айырылып қалған көптеген жерлерді қайтарып алды. Содан бері әлем Гильмендтегі адамдардың тағдыры мен өмірі туралы ештеңке білмеді.  

Алайда Би-би-си корреспонденті Аулие Атрафи Муса Кала қаласына баруға рұқсат алды. Аталмыш қала талибтердің орталығы деп айтса да болады. 

Журналист ең алдымен қаланың базарына соқты. Онда тек ер адамдар жүр. Базарда қарудың оқтары еркін сатылымда. Біреуін $25  алуға болады. Одан кейін  Би-би-си корреспонденті ат басын мектепке бұрды. Онда да тек ер балаларды оқытып жатыр. Алайда қыздарға да арналған мектеп бар екенін айтады. 

Муса Калада аурухана да бар екен. Ол мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Алайда онда дәрілер жетіспейді. Дәрігер мен педиаторлар да жоқ. Мұнда кеуде тұсын рентгенге түсіруге тыйым салынған. Міне енді соңғы қалған хирургта жарты жыл жалақы алмағандықтан кетіп бара жатыр. 

Журналист талибандардың өкілімен кездесіп, сұхбаттасты. Халық оларға жаугершілікпен қарайтынын айтады. Себебі олардың мойнында көптеген кінәсіз адамдардың қаны бар. Олар билікке келуді көздейді екен.

Мұнда қатаң ортағасырлық заңдарды ұстанады. Мәселен, жеткіншек бала үнді фильмін көргені үшін оған 40 дүре соғылғанын айтқан. Мұнда музыкалық аспаптар мен ұялы телефондарға тыйым салынған. 

Талибтердің басып алған жерінде  Би-би-си қызметкері төрт күн болды. 

Талибтер Гильменд қаласының көп бөлігін басып алды. Енді оны басқару қажет. Алайда талибтер заманауи әлем мен өз дәстүрлерін қалай байланыстыратыны әлі белгісіз. 

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар