Өрмекші-балық... Су астында мекен ететін ерекше тіршілік иесі ғалымдарды таңқалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710111022915_small.png

Француздық теңіз биологы Еменрик Бенхаласса түнгі зерттеулерінің бірінде Индонезия аралының су түбінен ерекше балықты видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерекше жаратылыс зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Өзгелерден айырмашылығы балықтың алды жағында өрмекшінің аяғына ұқсас аяғы бар. Балық екі аяғымен өрмекші секілді әрі-бері жүре алады.

Теңіз мамандары балықтың алдыңғы екі қанатын аяғы ретінде пайдаланатынын айтады. Екі аяғы теңіз астында еркін жүзу қызметін атқарып қана қоймай, жемтігін іздеуге көмектеседі.

Балықтың құрылысы толық зерттелген жоқ. Жыртқыш балық түрі шаян тұқымдасына жатады деген болжам бар. Шаян тұқымдасына жататын балықтар жайдақ суларда да, терең су түбінде де кездеседі.

Қатысты Мақалалар