Шотландия бір жыныстылардың некесін заңдастырды

/uploads/thumbnail/20170710111201070_small.jpg

Шотландиядағы Епископ шіркеуі бір жыныстыларың некелерін мақұлдауды дауысқа салған. Епископ шіркеуі Ұлыбританиядағы мұндай шешімді қабылдаған алғашқы шіркеулердің бірі, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 

Шіркеудің синоды бұл бастаманы қолдауды жөн санапты.

Синодтың шешімі бойынша, шіркеуде неке қию тек гомосексуалдарға ғана емес, шіркеудің кез-келген ізбасарларына рұқсат етілген.

«Енді біржынысты жұптар шіркеуде құдайдың алдында некелеседі, бір-біріне ант береді», - деді шотландиялық Епископ шіркеуінің бас иерархы Дэвид Чилингворт.

Синодтың шешімін ЛГБТ қауымдастығы да қолдады.

«Шіркеу қызметкерлері бұл шешімдері арқылы ЛГБТ қауымдастығына құрметпен қарайтындарын көрсетті», деді Stonewall Scotland ұйымының басшысы Колин Макфарлейн Рейтер агенттігіне берген сұхбатында.

Бір жынысты неке Шотландияда 2014 жылы мақұлданған, алайда шіркеулерінің бірде-бірі бұл шешімге қолдау көрсетпеген болатын. Қарсылық танытқан шіркеулердің басында шотландтық және Рим католик шіркеуі болды.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар