Осыдан бірнеше жыл бұрын атақ-даңққа бөленген жұлдыздардың қазіргі өмірі (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710111152044_small.jpg

Бұрынғы кезде үнді фильмдері өте көп көрсетілім жинайтын еді. Қазір де үнді елінің фильмдері дамып келе жатыр. Алайда бұрынғыдай емес, өзгерген.  Болливудттық  фильмдерді көріп өскен халық сол кездегі актерлерді әлі күнге дейін естен шығарған жоқ.

Осыдан бірнеше жыл бұрынғы «Танцор Диско», «Зита мен Гита» секілді әлемге әйгілі фильмдердің актерлерінің қазіргі өмірі көпшілікті қызықтыратыны сөзсіз.

Амитабх Баччан қазір 74 жаста.  Ол актер, тележүргізуші, тіпті саясаткер болып та қызмет атқарады. Ол кино саласына сіңірген еңбегі үшін Үндістанда түрлі  мараппаттаулар берілген. Ол «Кек пен жаза»(Месть и закон) атты фильм арқылы атақты бола бастаған.  Ол әлі күнге дейін түрлі фильмдерге түсіп жүр.

Митхун Чакраборти қазір 67 жаста. Ол 1982 жылы «Танцор диско»  фильміне түскеннен кейін әлемге әйгілі болды. Аталған фильм әлемдік классикаға айналып, Митхун Чакаборти көп қыздардың сүйіктісіне айналды. Сол фильмнен кейін ол 365 фильмге түскен екен.

Рекха қазір 62 жаста. Ол өз шығармашылығын 12 жасынан бастаған екен. Тіпті түсірілімдерге үлгеру үшін оқып жатқан мектебін де аяқтамай тастап кеткен. Кейін ол актер Амитабх Баччанмен танысып, бірге жүреді. Алайда актер өз отбасынан тастап кете алмайды, сонымен бірге Рекхадан да айрылғысы келмейді. Осы оқиғаға байланысты халық екі түрлі пікірде еді. Бірі олардың үйленгенін қаласа, бірі Амитабханың көңілдесін талқылап, жек көретін.

Алайда Рекха әлі күнге дейін тұрмысқа шықпаған көрінеді.

Ракха Гулзар қазір 70 жаста. Ол бірнеше фильмдерге бір уақытта түсіп жүргенде, шаршап, күйзеліске түсіпті.  Кейін ол өз шығармашылығын уақытша тоқтады. Оған себеп оның жүйке жүйесін жұқаруы екен. Бірақ оның дарындылығына сүйсінген продюссерлер мен режисерлер оны бірнеше мәрте фильмге түсуге шақырып, көндірген көрінеді. Ол шығармашылығын жалғастырмас бұрын күйеуімен ажырасып кетеді.

Шридеви қазір 54 жаста.  Ол 4 жасынан бастап киноға түсе бастаған.  Ол Балливудтағы ең танымал актриса атанған.  Бірақ 1997 жылы өмірін өз отбасына арнау үшін шығармашылығынан бас тартады.  Қазір ол кинопродюссер болып фильм түсіруді жоспарлап жүр.

Хема Малини қазір 68 жаста. Ол билегенді қатты жақсы көретін. Кино саласына да алғашынада эпизодтық рөлде билеу үшін келген екен.   Оның дарындылығын байқаған режиссер оған киноға түсуге ұсыныс жасайды. Ол Гитаның рөлін сомдау арқылы атақты болды.  Ол Болливудта  Дхармендра атты жігітпен танысып, араласып жүреді. Алайда ол жігіт бұрын үйленгендіктен Хеманың әкесі қызын тұрмысқа беруге қарсы болған. Хемаға көптеген атақты актерлер ұсыныс жасаса да, олардың ұсынысын қабылдамаған.  Ол бірнеше жыл бойы өзінің қазіргі күйеуі болған Дхармендраны күтіп жүрген. Үміті алдамады, қазір олар бақытты отбасы ретінде бүкіл Үндістанға үлгі болды. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар