Қытайлық ерлі-зайыптылар 2 айлық сәбилерін жаңа смартфон алу үшін сатып жіберген

/uploads/thumbnail/20170710111822040_small.jpg

Қытайлық жас жұбайлар өздерінің екі айлық сәбилерін сатып жіберіп, сол ақшаға жаңа смартфондар сатып алған. Бұл туралы Vesti.ru хабарлайды.

Оқиға Ганьчжоу қаласында орын алған. Баланың әкесі WeChat мессенджері арқылы ұлын сататынын мәлімдеп, оның себебін жұбайы екеуі бала асырауға кедей екендігімен түсіндірген. Осы орайда 20 жастағы ерлі-зайыптылар ұлдарын ең көп ақша ұсынған адамға сатамыз деп шешкен.

Ғаламтор қолданушылары бұл туралы полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары ұлдарын сатпақ болған  жұбайларды тапқан кезде олар жоспарларын жүзеге асырып үлгерген. Олар сәбиді 19 мың юаньға (2800 доллар) жақын жердегі ауылдардың біріне сатып жіберген екен. Ақшаның жартысын жұбайлар екі телефонға, киімге, тамаққа жұмсап үлгеріпті. Полиция баланы жаңа отбасынан тартып алып, оны адам сату ісі бойынша жазаға тарқан.

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар