Әйелдің 8 жыл бойы жасырған «құпия жұмысын» басшылық білгенде ризашылығын білдірді

/uploads/thumbnail/20170710111846609_small.jpg

54 жастағы Джесси Тендайи Оук-Лоун қаласының маңындағы балалар ауруханасының кафесінде жұмыс істеген. Әр жыл сайын ауруханадағы балалар үшін ерекше дүниелер әзірлеп жүрді, әр мерекелерін көтеріңкі көңіл күйде өткізулеріне себепкер болды. Ал бұл жылы балалар үшін күтпеген тосын сый жасады.

Осы жылға дейін әйел адам ақшасын үнемдеп, балаларға ойыншық әперу үшін 5000 доллардай жинаған. Оның үстіне, әлгі ойыншықтарды өзі сатып алған.

«Балаларды бақытты ету үшін қолымнан келгенінің бәрін істеуім керек еді», деді Джесси.

Өткен жылдың 12 желтоқсанында Тендайи ойыншықтарды балалар ауруханасына, сондай-ақ парк Ридждегі лютерандық госпитальға апарып берді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әйел адам осыған ұқсас тосын сыйларды 2009 жылдан бері жасап келген көрінеді.

Алғашқы жылы Рождестводан балақайларға арнап 100 сыйлық алды. Жыл сайын сыйлық санын өсіріп отырамын деп өзіне уәде етті. Ал 2017-де 1300 сыйлыққа дейін жеткізді.

«Менің мұны неге істеп жүргенім қызықтыратын шығар. Жүрегіме мейірімділікті құдайдың өзі салды. Бірде теледидар қарап отырып, өзгенің көмегіне, қамқорлығына мұқтаж балаларды көрдім. Әлемді айтпағанда, өзімнің мемлекетімде қаншама бала көмекке мұқтаж екенін біле тұра, мен алаңсыз ұйықтай алмас едім. Сөйтіп, ақша жинауды сол күннен-ақ бастап кеттім», - деді Джеси тілшілерге берген сұхбатында.

Тендайи 19 жыл бойы Чикагода күйеуімен өмір сүріп келеді. Алайда, олардың балалары болмаған. Ал 18 жыл бұрны балалар ауруханасының кафесіне жұмысқа орналасты.

«Мәселе байлықта не ақшада емес. Мен тек балалардың бақыты үшін бәріне дайынмын.  Оларға қамқор болатын адам міндетті түрде болуы тиіс. Және сол адам мен екенімді жүрегім сезді. Мен бақытттымын. Қуаныштан жүздеріне күлкі үйірілген балақайларды көргенде, бақытым ұлғая түседі. Балалар үшін өмірімнің соңына дейін қайырымдылықпен айналысуға дайынмын».

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар