Олигарх күйеу жігіт сәнбикенің өмірін тозаққа айналдырды

/uploads/thumbnail/20170710111957288_small.png

Қазіргі кезде кейбір ер адамдар өз әйелдерін ұрып-соғып күн көрсетпейтін болды. Осындай оқиғалардың бірі Анастасияның басынан өтіпті.  Анастасия Яковлеваның бұрынғы күйеуі  олигарх Андрей Яковлев балаларын өзі тәрбиелегісі келетінін айтқан екен. Анастасияның айтуына қарағанда, күйеуі оны үнемі ұрып-соғатын, тіпті соңғы кездері қорқытып, бопсалап та жүр екен.

Ерлі-зайыптылар 5 жыл бірге тұрыпты. 52 жастағы миллионер мен 24 жастағы сәнбикенің некесі көпшіліктің қызығушылығын тудырған еді.

Бір кездері Андрей өз әйелін айуандықпен ұрып-соғып, үйден қуып шыққан көрінеді. Осыдан кейін танымал сәнбике өз құқығын қорғау үшін сотқа арыз берген.  Алайда сот Анастасияны жалған куәгерлердің кесірінен кінәлі деп тапқан екен. Сосын 1 жылдан кейін барлық мәнжай анықталып, Анастасияға тағылған айып алынып тасталған. Олар ажырасқанымен, Андрей 2 баласын өзіне қайтарғысы келетінін айтып, сотқа қайтадан арыз жазыпты. Олардың ортақ 2 баласы бар.

Оның бұрынғы күйеуі әйелімен айрылысқаннан кейін оның өмірін тозаққа айналдырған.  Үнемі қорқытып, бопсалап, балаларын тартып аламын деп айтып жүрген. Түнде үнемі белгісіз біреу есіктің құлыпын бұзып кетіп қорқытады екен. Олардың тұңғыш ұлы Марк әкесімен тұру былай тұрсын, көрісуден де бас тартыпты.

«Мен онымен бірге тұрғым келмейді. Ол мені тағы да белбеумен ұрады», - деген 5 жастағы Марк.

Осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар