6 айлық сәбидің өліміне себепші болғандар өмірден өз жазаларын алды

/uploads/thumbnail/20170710112117096_small.jpg

Бұл іс Мәскеу қаласында орын алған. Екі қыз Марина мен Ира біраз спиртті ішімдік ішіп демалуды жоспарлаған, сергіп қайтуды ойлаған. Алайда түнгі қыдырысқа шығайын десе Ираның алты айлық баласы болған. Сол сәтте құрбысы Марина  сәбиді өзінің анасына апарып, қарай тұруын ұсынған.

Маринаның анасы келісімін беріп, сәбиді өзіне алып қалады. Марина кейде анасымен, тіпті кейде өгей әкесімен бір үстелде отырып ішімдік ішеді екен. Соған қарамастан балаға жақсы күтім жасай алады. Сол себепті баланың жауапкершілігін бірнеше күнге өз мойнына алуды ұйғарады. Марина сәби мен оған керекті жаялықтарды апарып береді.

Ойын-сауық басталып, кешқұрым Марина анасын көріп қайтуға бел байлайды. Анасы сол сәтте балконда ұйықтап жатыр екен. Баланы үйден іздеп таба алмайды. Көршілерден сұрастырғанда кішкентай сәбиді екінші қабаттан лақтырғандарын айтты. Артынша ауруханаға алып кеткенін жеткізді. Қыздар бұл жайтқа бастапқыда сене алмаған. Бірден Маринаның өгей әкесі есіне түседі. Өгей әкесі ішімдіктің күшімен неге болсын баратын адам екенн айтады.

Сол сәтте Маринаның өгей әкесі жоғалып кетеді. Ал Ира болса болған жағдайды ести салысымен Маринаға ұмтыла жөнелді. Өзінің тамырын кесуді де ойлайды. Қарт әжесі есіне түсіп, өзін сабырға шақырады.

Ираның әжесінен басқа ешкімі болмаған. Ертеңіне Марина мен Ира «Склиф» аталатын балалар ауруханасына барады. Сәби жансақтау бөлімінде жатқан және дәрігерлер баланың аман қалатынына кепілдік бере алмады.

Ираға баласының жағдайын баяндады. Денесінің барлығы көгерген, басына зақым келген.

Баланың сауығатынына үміт тым аз еді. Үш күн бойы баласына барып жүреді. Төртінші күні сәбидің дүниеден озғанын хабарлаған.

Сәбидің анасы болған жайтқа еш қайғырмады. Түнгі ойын-сауық пен қыдырысына ешкім кедергі келтірмейтінін біліп, тойлауды жалғастыра берді.

Сот үкім шығаратын күн белгілі болды. Куәгерлерден жауап алынып, өгей әкесін тұтқындады. Оған 30 жыл абақтыға қамалу жазасын берді. Іс барысныда қылмыскердің әпкелері істі қайта қарауға арыз берді. Сот 30 жылға тағы 2 жыл қосып берді.

Бүгінде Ира екі баланың анасы. Жас жігітпен бірге тұрып жатыр. Ол ер адам екі баласын көп ренжітеді. Ал Маринаның өмірі басқа арнаға бұрылып, жағдайы жақсара түскен. Алайда ана атану тұрмыс құрғаннан 5 жыл өткен соң бұйырыпты. Маринаның анасы 2004 жылы дүниеден озды. Ал Ира мен Марина бір-бірімен араласпайды.

Бұл болған оқиғадан шығатын қорытынды: сәбиді аялау керек, күтім жасау керек. Сонда ғана келеңсіз жағдайлар орын алмайды.Әркім өзінің өткен қателіктері үшін жауап береді. 

Аударған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар