Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, республикамыздың кей жерлерінде жаңбырмен найзағай күтіледі, екпінді жел соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, ал батыста жауын-шашынсыз деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, бұршақ болуы мүмкін. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы ықтимал. Павлодар облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Астана қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14, екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ауаның температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 0-5, найзағай кезінде екпіні 8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С болады.