Қызында қарапайым тұмау емес екенін сезген анасының болжамы дұрыс болып шықты

/uploads/thumbnail/20170710112211545_small.jpg

 Кейли Чэпменнің Лили-Мэй есімді қызы таңертең жөтелден оянған. Оны көрген анасы бұл суық тиюден шығатын ауру емес екенін бірден сезді. Анасы 5 жастағы қызының әлсіздігін байқады. Анықтап қараса денесінде көгерген жер мен бөрткенді көрді. Ауырып тұрған қызын жергілікті ауруханаға апарған кезде медбикелер Лили-Мэйдің үстінен күмән келтіретіндей ештеңе таппайды.

Ауруханада 29 жастағы Кейлиді «параноик – ана» деп қабылдап, елемепті. Бірақ қызының денсаулығы нашар екенін ана сезінді.

     Медбике Лили-Мэй бір вирусты жұқтырып алды деген болжаммен үйіне жіберді, алайда бірнеше күннен кейін Чэпмен қорқынышты шындықты білді.

     Кішкентай қыздың денесінің бөртпелері көбейе береді. Анасы қызын ауруханаға екінші рет апарып, дәрігермен кездесуді талап етеді. Баланың денсаулығы дұрыс еместігін бірден байқаған дәрігер оны қан тапсыруға жібереді. Сараптаманың қорытындысы көңілді көншітпеді.

     2 сағат өткен соң Кейлиге қызының асқынған лимфобластық лейкоз ауруына шалдыққанның айтты. Ол сүйек кемігінің клеткаларына тиетін  қатерлі ісіктің сирек кездесетін түрі.  Аталмыш ауру балаларда сирек кездеседі, сондықтан Лили-Мэйдің қандай ауруға шалдыққаның ешкім бірден айта алмады.

 

     Қызымда алғашқы ауру белгілері байқалғанда, оған ешкім мән берген жоқ. Осындай қарым-қатынастан кейін менің ашуым кернеді. Бірақ қазіргі таңда алға ұмтылғаннан басқа ештене істей алмаймыз деп жазды Кейли.

     Кейли алдағы екі жылда қызының не күтіп тұрғанымен де бөлісті. Кем дегенде 2 жыл химиотерапия мен стероидттарды қабылдайды. Олардың әсерінен қызының мінезі өзгеріп, еркелігі басым болатының айтты.

     Біз қазір қызымыздың жағдайына ашынып отырмыз, Лили-Мэй үшін күшті мінез танытуымыз керек.  Қазір мен басқа адамдарға осы тәрізді жағдайлар қашан келетінін  білмеймін деді Кейли.

Шолушы: Альмира АСЛАНОВА

Қатысты Мақалалар