Әлемге танымал журналдың мұқабасына мұсылман қыздың суреті жарияланды

/uploads/thumbnail/20170710112228292_small.jpeg

19 жастағы Халим Аден есімді мұсылман қызы Миннисотада өткен сұлулық сайысынан кейін бірден танымалдыққа ие болған еді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып. Шыққан тегі сомалилік арудың суреті Vogue атты сән журналының сыртқы мұқабасына орналастырылып, танымал сәнқойлардың көшін бастап та үлгерді.

Журнал мұқабасында суретте Халима Аденнің ұзын етекті көйлек киіп, шариғат талабына сәйкес әуретін бүркенген сәті бейнеленген. Аталмыш журналдың сәуір айындағы шығарылымында жас сәнқоймен жүргізген сұхбаты жарияланған еді, ал соңғы нөмір Халима Аденнің суретімен жарық көріп отыр.

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар