Astana EXPO-2017 басшылығы Қазақстан көрмеге қанша қаржы жұмсағанын жариялады деп жазады Qamshy.kz Sputnik.kz ақпаратына сілтеме жасап.
«Astana EXPO-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов көрмеге шамамен қанша қаржы жұмсалған жариялаған. Алайда нақты соманы айтпаған.
«Бұл жоба қаншаға түскенін айту әлі ерте. Оны міндетті түрде айтамыз. Бірақ бүгінгі күні шамамен 400 миллиардтан астам қаражат жұмсалғанын айта аламыз. Бұған нысандарды құрылысы, іс-шаралар, бәрі кіреді», — деген Есімов баспасөз мәслихатында.
Көрмеде әлемнің үздік технологиялары мен тәжірибесі, баламалы энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктер паш етіледі. 115 мемлекет, оның ішінде АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея секілді елдер бар, сондай-ақ 22 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмеге қатысатынын ресми түрде растаған.
Айта кетсек, Есімов бір сұхбатында ЭКСПО-ға басшы болып келгенде құрылыс алаңында тек бетон плиталары ғана болғанын айтқан еді. Есімов «Біз алты жылдың жұмысты 21 айда атқарып тастадық», — деп мақтанған.
Осы сұхбатында «Біз тіпті 300 млрд теңге үнемдедік», – деген Есімов, ұл қаражаттың күн панельдерінің салынбай қалғанының арқасында үнемделгеніне тоқталмаған еді.
Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне 2015 жылы 9 тамызда тағайындалған болатын.