Ливияның төңкеріске ұшыраған лидері Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам қамаудан шықты деп хабарлайды Qamshy.kz
Елдегі Өкілдер палатасына қарайтын бас халифа Хафтар күштері басқаратын Әбу Бәкір әс Садық Тугайдың әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесіне сай Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам жұма күні қамаудан босатылып, қаладан шығып кеткен.

Саиф әл-Ислам өткен жылы қайтыс болған бұрынғы Әділет министрі Әл Мабрук Карирадан алынған хаттарға сүйене отырып және Өкілдер палатасы тарапынан шығарған рақымшылық туралы заңға сай босатылған.
Халықаралық қылмыстық сот бірнеше рет 2011 жылғы халық дүмпуі кезінде «адамзатқа қарсы қылмыс» бойынша айыпталған Саиф әл-Исламның өздеріне берілуі талабын жасап келсе де Ливия қабылдамаған еді. Саиф әл-Ислам әкесінің өлімінен кейін 2011 жылы қарашада Ливия оңтүстігіндегі Сабха қаласында тұтқынға түскен болатын.
Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам, Барлау қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әс-Сенуси және бұрынғы премьер әл-Бағдади әл-Маһмуди сияқты режимнің символды тұлғалары да бар 37 кісі, 2011 жылы ақпан айында басталған халық дүмпін зорлықпен басу, ауыл мен қаланы қоршау және мемлекет мүлкіне залал келтіру сияқты қылмыспен айыпталған болатын.