Ұлыбританияның Quacquarelli Symonds агенттігінің соңғы QS рейтингі шықты деп хабарлайды Qamshy.kz
Ұлыбритания агенттігінің соңғы рейтингінің көшін Массачусетс технологиялық институты бастап, әлемнің ең үздік жоғары оқу орны атанды.
Аталған рейтингті жасауда жоғары оқу орнының танымалдығы, БАҚ-та жиі көрінуі, түлектерінің жұмысқа орналасуы, шетелдік студенттер мен оқытушылардың саны есепке алынады.
Рейтингте Қазақстаннан ТОП-400-ге 2 университет кірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 236 орынды иеленсе, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 336 орынды, Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университет 410-420 арасындағы орынға зорға ілінген. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университет 491-500 арасында. Айта кетсек, ҚазҰУ өткен жылы аталған рейтингте 275 орында тұрған.
Ал, Ресейдің Ломоносов атындағы Мәскеу университеті 95 орынға жайғасқан. ТОП-400 арасында Ресейдің 10 университеті бар. Түркия университеттерінің ең маңдай алды дегені 410-нан төмен орындарға жайғасыпты. Ыстамбұл, Анкара, Гази, Хажеттепе сияқты университеттер түгелдей 700-ден төмен көрінеді.
АҚШ-тың 15 бірдей университеті ТОП-30 университет ішінде. ТОП-30 университет арасында Ұлы Британияның 6 университеті бар.
Азиядан отыздыққа кіргені төртеу ғана. Сингапур ұлттық университеті 15 орынға жайғасқан. Сингапурдың тағы бір университеті Наньянг технологиялық университеті 11 орынды еншілеген. Қытайдың Цинхуа университеті(25) және Гонконг университеті(26) ғана кірген.