Осыдан біраз уақыт бұрын Джеки Чан Димаштан үлкен актер шығатынын айтқан болатын. Қытай телеарналарының біріне берген сұхбатта Димаш танымал актердің бұл ұсынысына байланысты өз пікірін білдірді.
«Джеки Чан бір сұхбатында «Димаштан бір үлкен актер шығады деп үміттенемін» деп айтқан. Бірақ ол кісі қанша жерден тамаша әнші болса да, мықты жан-жақты продюсер, режиссер, көптеген бағытта жүрген кісі ғой. Бірақ ең алғашқы саласы актер болғандықтан, басқа салада қосымша жұмыс істеп жүр», – деді Димаш.
Димаш өзінің актерлік салада ешқандай тәжірибесінің жоқтығын айтып, Джеки Чанның ұсынысынан бас тартты.
«Ал енді менің актер есебінде тіптен тәжірибем жоқ. Сол себептен әнімді айтып жүре беретін шығармын», – деді Димаш.
Шолушы: Әсел Өтешова