Әйелдің бір саусағы жоқ. Ал күйеуінің әрекеті желідегілердің жүрегін елжіретті (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710115444890_small.jpg

Әрбір адам өзінің кемшілігін өзіне ең жақын адамға қалай айтарын білмей, қиналып жатады. Кемшілікті байқай тұра жақсы көруді тоқтатпай, өз сезімін тек сөзбен емес іспен дәлелдеген кезде өз кемшілігін ұмытып кететіндер де бар. Сезім деген аспаннан ай мен күнді алып берем деп айтумен ғана шектелмейді, оны іспен дәлелдеу махаббаттың шынайылығын көрсетеді.  Шынай сезімге толы, қарапайым бірақ жүрек елжіретерлік оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.

Манчестер қаласының тұрғыны Либби Сандерс өзінің Фейсбук парақшасына жүрек елжірететіндей оқиғаны жазған болатын.  Аталған оқиға мыңдаған оқырманның жүрегіне жылу ұялатып, көздерін жасқа толтырды.

«Міне мен кімге тұрмысқа шықтым...

Мен өз тырнақтарымды бояп жатқанда күйеуіме былай дедім: Мен өзімнің шынашағымды бояй алмайтынымды тағы да еске түсірдім...

Мен күнделікті өмірде күйеуінің арқасында шынашағымның жоқ екенін ұмытып кее берем. Тек тырнағымды бояған кезде ғана көріп, көңіл күйім түсіп кететін.

Менің мұңайғанымды көрген Метт маған былай деді: Мен сенің қосымша шынашағың болайын. Менің соңғы демім шыққанға дейін менің шынашығымды бояуыңа рұқсат берем. Яғни біз былай жасаймыз».

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар