Форум жұмысына СІМ, ИДМ, ДСМ, ҰЭМ, ҚМ, ЭМ, Ақмола облысы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қатысуда. Қатысушылар ұлттық компаниялардың (Самрұқ-Қазына, ҚазақИнвест, ҚазАгро, СҚ «Фармация», АХҚО), бизнес өкілдерінің, сондай-ақ ірі американдық компаниялар өкілдерінің жұмысын талқыламақ. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі strategy2050.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР-да белгілі компаниялармен қатар (General Electric, Schlumberger, Citi, MasterCard, Coca-Cola және т.б.) Астанаға алғаш рет американдық IT-компаниялардың өкілдері де (IBM, Autodesk) келді. Сондай-ақ, Форум аясында екі елдің бизнес өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр (В2В).
Форумды ұйымдастырушылар - Халықаралық түсіністік үшін іскерлік кеңес (Business Council for International Understanding), ҚР-ның АҚШ-тағы Елшілігі және АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі.
Шолушы: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру