76 сантиметрлік ісік әлеуметтік желі қолданушыларының таңданысын тудырды

/uploads/thumbnail/20170710120117394_small.jpg

Қытайда хирург дәрігерлердің тоқ ішектен алып тастаған ісік жұрттың таңданысын тудырды. Ол 76 сантиметрді құраған. Ота жасау барысында біршама дәрігерлер араласып, ота күрделі түрде өтекен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Vladtime.ru сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы ер жігіт отадан аман қалып, енді емін-ркін қимылдап, ас-су іше алады.

Шанхай қаласындағы ауруханалардың бірінде Гиршпрунга диагнозы қойылған емделушіге күрделі ота жасалды. Туа біткен ауру жыл өткен сайын асқына берген, кейіннен тоқ ішекте ісік пайда болған.

22 жастағы ер адам ішіп-жей алмай, тіпті, өздігінен қиымлдауы да ауырлап кеткен. Қалыпты өмір сүруі үшін оған үнемі түрлі витаминдер салып тұрған.

Кесіп алынып тасталған ісіктің көлемі елдің жағасын ұстатты. Хирург дәрігерлер оны алып тастағаннан кейін оның көлемі 76 сантиметрді құрайтындығын анықтаған.

Қытайлық дәрігерлердің мұндай үлкен көлемдегі ісікті алып тастаған алғашқы отасы болып табылады.

Шолушы: Назерке Лабихан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар