Шығармашылық бәйге: «Қазақ мемлекетіне – 550 жыл»

/uploads/thumbnail/20170708155148159_small.jpg

Қазақтың ұлттық мәселесін, көші-қон проблемаларын, мемлекеттік саясатын үздіксіз жазып келе жатқан "Қамшы кз" ақпараттық порталы Қазақ елінің 550 жылдығына орай,  шығармашылық бәйге жариялады. Жүлде қоры - 1 миллион теңге!

Журналистер мен ақындардың қатысуына мүмкіндік беретін  бәйгенің басты шарты -  «Қазақ елі кеше ғана пайда болған мемлекет емес» және «Мәңгілік салтанат құратын ұлы ел» дейтін ұғымды ұлықтауы тиіс. Және ол шығармалар«Қамшы» порталында жарияланады. Сондай-ақ, жүлделі шығармалар жеке кітап болып басылып шығады. Бәйгеге бәс тіккен шығармалар 2015 жылдың 1 наурызына дейін қабылданып, Ұлыстың ұлы күнінде қортындыланады.

БІЛӘЛ ҚУАНЫШ, "ҚАМШЫ.KZ" ақпараттық порталының Бас редакторы:

Екі жанрда өткізіп отырмыз. Журналистерге арналған мақалалар бәйгесі және ақындарға арналған жыр мүшәйрасы. Кез-келген тақырыпта жазуға болады. Қазақ кеше ғана қалыптасқан мемлекет емес және мәңгілік салтанат құратын ұлы ел деген кез-келген шығармаға сайтымыздан орын береміз.

"31 арна"

Қатысты Мақалалар