Түнгі клубтардың бірінде сайран салған хиджабтағы қыз елдің ашуына тиді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710122822012_small.jpg

Түнгі клубтардың бірінде сайран салып билеген хиджабтағы қыз елдің ойын сан-саққа жүгіртіп, ашуына тиді.

Аталмыш видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында жарияланған. Видеоның авторы түнгі клубтардың бірінде биді шашып билеп жүрген хиджабтағы қызды түсіріп, жолдаған. Аталмыш оқиға нақты қай жерде, қашан болғандығы белгісіз. 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрліше пікір білдіруде. Кейбіреулері "Исламды жаман жағынан көрсетудің әдісі" десе, енді біреулері "кез келген адамның құқығы тең, барлығы секілді ол да қоғамдық орындарда өзін еркін ұстап, қалғанын істеп жүре алады", -  деген секілді пікірлер жазып қалдырған.

Қатысты Мақалалар