Көп адамдар танымал болуды армандайды. Кейбіреулер бар өмірлерін атақ-даңқын шығаруға арнайды. Ал кейбіреулер болса туыла салып БАҚ-тың назарында болады. Бұл мақаланың кейіпкері туыла сала камераның назарына түскен. Алайда одан кейін ол туралы халық біраз уақытқа ұмытқан.
Самуэль Александр Армастың анасына жүктілігінің 9-аптасында болашақ сәбиінің омыртқасы зақымдалып туылады деп айтқан. Бұл зақымның алдын-алу үшін балаға жатыр ішіне ота жасалуы тиіс делінді. Алайда бұл ота да аса қауіпті еді.


Сәбидің ата-анасы бұл отаға келісімін береді. Жүктіліктің 21-аптасында сәбидің анасы Джулияны отаға дайындайды. Бір топ хирургтар жатыр ішіндегі балаға ота жасап жатқандай таңғажайып оқиға орын алған. Сәби хирургтардың бірінің саусағынан ұстап алған.
Ота жасау барысында фотограф бұл сәтті суретке түсіріп үлгерген. Кейіннен бұл фото желіде таралып сенсация болған.
Қуанышқа орай, ота сәтті өтіп, Смауэль өмірге аман-есен келген. Оның қазірдің өзінде омыртқасында проблемалары бар. Алайда бұл проблемалар оның белсенді өмір сүруіне, спортпен айналысуына кедергі емес.

Содан бері 18 жыл өтті. Бүгінде бала есейіп баскетболшы болуға бел байлаған.

Шолушы: Сабина Рамазан