Табысын жасырып келгендер 11800 есепшот ашып, оған 4,1 триллион теңге түсіргені анықталды

/uploads/thumbnail/20170710123503455_small.jpg

Мәжілістегі халықтық коммунистер партиясы фракциясының мүшесі Айқын Қоңыров Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, жаңадан қабылданатын Салық кодексінде ставкалар халықтың табысына қарай өзгермелі болуы қажеттігін айтты. Ондай ой депутаттың басына капиталды легализациялау процесінен кейін туған екен.

          Осы процестің нәтижесінде еңбекке жарамды 9 млн. халқы бар елімізде соңғы уақытқа дейін табысын жасырып келгендер 11800 есепшот ашып, оған 4,1 триллион теңге түсіріпті... Орташа есептегенде бұл бір есепшотқа 347 млн. теңгеден келеді деген сөз. Бұл Қазақстандағы орташа ресми еңбекақыдан 2500 есе, жан басына шаққандағы орташа табыстан 4300 есе артық. Ал халықтың табысының айырмашылығы осындай болып тұрған жағдайда салық салу жүйесі бәріне бірдей. Кеңестік кезеңнен қалған жұрттың бәріне тең салықтық жүйені қолдану қазір қол емес. Өйткені, табыс айырмашылығы орасан болғанда - ол экономикалық та, әлеуметтік те логикаға келмейтін әділетсіздік. Салықты басқа халықпен бірдей ғана төлейтін жоғары табыстылар ақшасын қайда жұмсауды білмей зеріккендіктен өте қымбат жылжымайтын мүліктер, қажетсіз көліктер мен астатөк шығындарға барады.

         Сондықтан салықты табысқа қарай прогресшіл шкаламен көбейтіп отыру керек. Мұндай тәжірибе жоғары дамыған елдердің бәрінде қолданылады. Сонымен қатар меценаттықты ынталандыру үшін қайырымдылық шығындары салықтан босатылғаны дұрыс дейді депутат өзінің сауалында Б.Сағынтаевқа.

          Бұл сауалды фракцияның барлық мүшелері де қолдап, қолдарын қойды.

С.ЕЛЕУ, сарапшы 

Қатысты Мақалалар