Психолог мамандар: Балаларыңызға мына сөздерді ешқашан да айтпаңыздар

/uploads/thumbnail/20170710124122852_small.jpg

Бала үшін ата-ананың рөлі өте зор. Кез келген жағдайда сүйенері, сенері тек ата-анасы болмақ. Сол себепті де ана мен әкенің балаға айтатын сөздері оның психикасына тікелей әсер етеді. Баламен қалай сөйлесетін болса, олар да ертең дәл солай жауап беретін болатын, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Әлемдегі психолог мамандар балалармен қарым-қатынас жасауда төмендегідей сөздерді қолданбауға кеңес береді.

«Болды, жылағаныңды доғар!»

Бала еш себепсіз жылайтын болса да, оны төмендетпеу қажет. Кішкентай балалар өздерінің сезімін игере алмайды. Оның орнына «Жылаған дұрыс, бірақ сенің бұл ісің дұрыс еместігін түсуінің қажет» деп айтыңыз.

«Сен менің көңілімді қалдырдың!»

Ата-аналар бұл сөзді әдетте бала онсыз да көңіл-күйі түсіп отырған кездерде жиі айтады. Егер бала бір нәрсені дұрыс жасамаса оны қайтадан дұрыс жолға салуға көмектесіңіз. «Сенікі дұрыс болған жоқ. Мұны жан-жақты талқылап көрейік, жарай ма?» деп айтқаныңыз абзал.

«Сенің қолыңнан бұл нәрсе келмейді!»

Балаға өзінің ешқандай жетістікке жетпей жүргендігін есту қиын. Оған дұрыс талпынып жүрген жоқсың, қолыңнан келмейді деп айтудың қажеті жоқ. Керісінше «Сенің қолыңнан келеді, тек қаттырақ тырысып көр» деп қолдап жіберу қажет.

«Сен үлкен баласың, үлкен қызсың!»

Егер бала қорқып қалған жағдайда оған бұл сөздерді айтып жұбата алмайсыз. Оған «Қорыққан бұл қалыпты жағдай, тіпті, мен де кейде қорқамын, сондықтан да мен не істеу керектігін білемін» деп айтыңыз.

«Сенің еш пайдаң жоқ!»

Бұл сөздерді балаға мүлдем айтуға болмайды. Себебі ең жақын адамдарының балаға берер бағасы ол үшін өте маңызды болып табылады. Оның орнына «Ешкім де мінсіз емес, сенің қолыңнан бұдан да жақсы іс келеді» деп айтқан жөн.

«Сен жаман баласың!»

Баланың санасына бұл сөздерді ешқашан да сіңірмеңіз. Өзінің өмір сүріп жатқаны үшін кінәлі сезінетін жағдайда душар етесіз. Оның орнына жай ғана» Сенің бұл ісің дұрыс болмады» деп ескерту жасаған дұрыс болады.

«Мен сен үшін барлығын жасаймын!»

Ата-ана онсыз да бар өмірін баласына арнап, сол үшін барлығын жасайды. Сол себепті де балаға мұндай сөздерді айтып жатудың қажеті жоқ.

«Сен семізсің!»

Баланың намысына ешқашан да тиіп, қорламаңыз. Егер ол томпақ болса, оны бетіне басып айтқан дұрыс емес. Баланы онсыз да айналасындағы достары мазақтайды. Ал үйінде ол өзін қауіпсіз сезініп, одан сайын психикалық травма алуына жол бермеу керек.

Баланың дұрыс тәрбиесі оның да, сіздің өміріңізге кепілдік болады. Оларды жақсы көріп, барынша қолдау көрсетіңіздер.

Дайындаған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар