14 сағат 58 минут өмір сүрген сәби ата-анасының өмірін қалай өзгертті?

/uploads/thumbnail/20170710124133258_small.jpg

Баламен өткізген әр секунд – бағалы

УДЗ-диагнозшы аяқ астынан үнсіз қалды, дереу көмек шақырды. Балаға бір жағдай болғаны анық.

Юөлмеге дәрігер кіріп, қайта сканерлеуді орындады да, уақыт жоғалтпай Эбби және Роберт Ахернге бәрін түсіндірді.

«Менің айтпағым сіздерге ауыр тиюі мүмкін, сондаықтан көп созбайын. Қыздарыңыз анэнцефалияға шалдыққан», - деді дәрігер.

«Сәбиіміздің миына зақым келген екен. Дәрігер бас миына зақым келген адам өмір сүре алмайтынын айтты. Тіпті бала дүниеге келсе де, бірнеше сағаттан соң қайтыс болады», деп баяндады Эбби Ахерн оқиғасын.

Бірақ Ахерндер отбасы дәрігердің «өмір сүре алмайды» деген сөзіне мән берген жоқ. Олар баламен өткізген әр секундты бағалы деп санады.

Әкесі қызын Анни Рейчел деп атады. Және аман-есен босануы үшін қолдарынан келгенінінң бәрін істеді.

Дәрігерлер кеш болмай тұрғанда анадан баланы алдырып тастауын өтінген. Бірақ ата-ана үшін бұл тығырықтан шығатын жол емес еді.

Эбби баланы дүниеге әкелуге шешті. Тіпті жақын адамдары екеуінің шешіміне түбегейлі қарсы болған, алайда олар өз дегенінен қайтпады.

26 маусым күні операция арқылы Анни дүние есігін ашты да, небәрі 15 аағат өмір сүрді. Бірақ Ахернедер отбасы түгелдей сәбидің жанында болып, оны құшақтап, еркелетіп, тіпті суретке түсіп те үлгерді.  

Шамам келгенше, оны қатты жақсы көретінімді айта бердім...

Өз жазбасында Эбби Аннидің соңғы минуттарын былай келтірді:

«Сағат түнгі 11-лер шамасы болған. Роберт төсек үстінде Анниді ұстап отырды, ал мен бір жұтым су үшу үшін тұрып кеткенмін. Бірде Аннидің дем шығарғанын құлағым шалды, дереу басымды бұрдым. ОЛ қайтадан демін шығарды. Сәбиімді Роберттің қолынан жұлып алдым десе де болады, оның көздеріне қарап бәрін түсіндім. Осымен бітті. Бөлмеге дәрігерлер кірді, ауруханаға жақындарымызды шақырды.

Роберт екеуміз қыздарымыз үшін дұға етумен болдық. Анни да күресті, ол да бізбен көбірек уақыт өткізгісі келді, бірақ шаршады. Құдай бізге біз ойлағаннан да көп уақыт берді, алғысымыз шексіз еді. Бұл күн – өмірімдегі ең бақытты күн. Бұл жолы қызымды «өз үйіне» еш қиналмай жібердім.

Палатаға туыстарымыз кірді, бізді қоршап тұр... Мен Анниға өмірімді өзгерткені үшін алғысымды айттым. Сөйтіп сәбиім менің көз алдымда кетіп қалды.

Анни түнгі 11:34-те көз жұмды. Дүниеге келген күні көз жұмды.

14 сағат 58 минут... Бұл уақыт өміріміздегі ең бақытты, ең ғажап сәттердің бірі болды. Біз енді бұрынғы қалпымызға қайта түспейміз.

Сәбиімнің ағзасын донорлық мақсатта пайдалану үшін дәрігерлер керек-жарақты дайындап жүргенде, ол менің құшағымда болды. Роберт те жанымызда болды. Құдай да бізбен бірге еді. Сол уақыттағы жанымыздың рахат күйге бөленгенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Құдай біздің әр дұғамызды қабыл етті. Бізге күш берді, қуаныш сыйлады, уақыт сыйлады. Сәбиімнің жанымызда болуына мүмкіндік берді де, өзіне қайтарып алды.

Біз оны қатты жақсы көрдік. Сол үшін де өмірге келуіне, жарық дүниені көруіне мүмкіндік жасадық. Ол бір күн де өмір сүрген жоқ, бірақ сол уақыттың іщшінде біз ғажап сәттерді басымыздан өткердік.

Ол менің өмірімді өзгертті. Сол уақытқа дейін мен Құдайға сенбеушші едім. Анни мені дұрыс жолға салды, қандай жағдай болмасын Құдай біздің жанымызда екенін ескертті. Бізде бәрі болған, ақша, үй, көлік, отбасы, бірақ Құдайға деген сенім болған жоқ. Ал қазір кез-келген қиныдықта да, қуанышта да біз жалғыз емеспіз, соны ұқтым.

Мен өзгердім... Бұрынғы Эбби жоқ. «Жаңа Эбби» түрлі адамдармен, қиындықты бастарынан өткерген әйелдермен, қиналып жүрген қыздармен танысты. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Бойында өзіне деген сенім пайда болды».

Аннидің оқиғасы – үмітке жетелейтін оқиға. Оны оқыған әр адам өмірдің әр сәтін бағалауы тиіс. Дәл осы мақсатта Эбби басынан өткергенін бүкіл әлеммен бөлісуді жөн көрген. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар