Румынияда Қазақстан үшін арнайы «Бүркіт» мамандандырылған кемесі жасалды

/uploads/thumbnail/20170710124411794_small.jpeg

Румындық Брэила қаласында «Бүркіт» мамандандырылған кемесін  іске қосу  салтанатты рәсімі өтті, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл жөнінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» баспасөз қызметі хабарлайды.

«Кеме «Теңізшевройлды» кеңейту жобасы аясында тасымалданатын Құрық порты - Прорва порты (Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің солтүстік бөлігі)  маршруты бойынша габаритті емес жүкті тасымалдау үшін жасалды», -делінген хабарламада.

2018 жылдан бастап 2021 жыл аралығында 3 жыл ішінде 75-ке жуық габариті емес үлгіні тасымалдау жоспарланған.

«Бүркіт» ТШО кеңейту жобасы аясында 3 арнайы кеме жасау жоспарланған. Бұл - екінші кеме. Оның алдында «Барыс» кемесі осы жылғы 12 мамырда суға жіберілді.

Қатысты Мақалалар