Германия канцлері Ангела Меркель Гамбургте өтетін G20 саммитіне АҚШ президенті Дональд Трамптың келмейтінін хабарлады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі bigmer.net ақпараттық сайтынның мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
«Америка Құрама Штаттары – G 20 саммитінің маңызды мүшесі болып саналады және де неміс федералдық үкіметі ешқандай келеңсіз жағдайдарға қарамастан, АҚШ делегациясын қарсы алуға әрқашан дайын» - дейді Германия канцлері Ангела Меркель.
Сондай-ақ Меркель саммиттың барлық қатысушыларын біржақты іс-әркеттерден аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, Германия канцлері тағы бір рет Дональд Трамптың Париж келісімі бойынша шешімін сынға алды.
G 20 саммиті шілденің 7-8 күндері өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырда өткен G7 саммитінен кейін Меркель Еуропа бұдан былай өз одақтастарына сене алмайтындығын және өз тағдырларын өздері шешу керектігін айтқан болатын. Алайда, кейінірек Германия канцлерінің өкілі Штефан Зайберг Германия трансатлантикалық әріптестікті жалғастыра беретінін және Америка Құрама Штаттарымен арадағы тығыс саяси қарым-қатынасқа сенетіндігін мәлімдеді.
Шолушы: Ақерке Маратқызы
Пікір қалдыру