Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 321,06 теңгеге тең болды. Бұл туралы Қамшы ақпаратты агенттігі Tengrinews.kz ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Еске сала кетейік, 19 маусымдағы доллар бағамы 319,51 теңге болған еді. 20 маусымдағы таңғы сауданың бірінші келісімі 320 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды. Ал максималдық құны 321,4 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 87,8 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 320-321,7 теңге аралығында. Астана уақыты бойынша сағат 10.38-де Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының құны барреліне 46,95 доллар болды.
Шолушы: Ақерке Маратқызы
Пікір қалдыру