20 маусымда Финляндия ұлттық павильонының ашылу рәсімінде Елбасы электрокардың рөлін өз қолына алып, Финляндия Республикасының Президенті үшін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің аумағына кішігірім экскурсия жасады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы хабарлайды.