Қазір көп айтыскер өзі айтып отырған сөзге өзі сенбейді

/uploads/thumbnail/20170708155241818_small.jpg

Айтыскер деген ұғым қазір діни лауазымға айналып кетті. Домбырасын қағып-қағып жіберіп уағыз айтудан бастайды. Қазіргі айтыс – айтыс дегеннен гөрі қажылыққа іріктеу турнирі сияқты. Негізі айтыс деген синкретті өнер. Ол жерде ой өрісің кең болу керек, сөз саптауың тамаша, ұйқас құрауың керек, домбыра қағуың керек, қоғамдағы өзекті мәселелермен таныс болуың керек, сауатың болу керек. Ол түсінікті. Одан бөлек қарсыласты қағытып, елге әр сөзіңмен әртістік өнеріңді де көрсету тағы бар. Сенің аузыңдағы сөз халықтың көкейіне жету үшін ымы-жымың домбыраның қағысы және ауыздан шыққан ұйқасыңмен жымдасып, қабысып отыру керек. Нақтысын айтқанда айтыс бірнеше өнердің жиынтығы болып та шығады (ақындық, тапқырлық, домбыра шерту, дауыс ырғағы, әртістік). Қазір айтыскерлердің көбінде осы қасиеттер жиі кездесе бермейтін сияқты.

aytis Тауып сөйлеу тек айтысқа ғана қажет деп түсінсек, онда айтыс өнері туралы қортық ойлағанымыздан. Қазір көп айтыскер өзі айтып отырған сөзге өзі сенбейді. Жасандылық бар. Жасандылық бар жерде өнер құрдымға кетеді.

Жандос Байділдә. (Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар