Шымкентте 4 жастағы баласын буындырып өлтірмек болған әйелге сот үкім шығарды

/uploads/thumbnail/20170710161313342_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің 4 жасар ұлын буындырып өлтірмек болған 24 жастағы әйелге үкім шықты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Отырар жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сотты болған Тұрсынова баласы ауыр науқас болғандықтан, оны азаптан құтқарғысы келгенін айтып ақталды. Алайда тергеу жұмыстары адам шошырлық бұл жағдайдың мүлдем басқа себебін анықтады.

Ауданаралық қылмыстық сот Шымкент тұрғынын өз баласын қасақана өлтіруге тырысқаны үшін (ол ісін соңына дейін апара алмаған) кінәлі деп тапты. Әйел 11 жыл 3 айға түрмеге қамауға отырғызылды.

Тергеу барысында ананың ақыл-есі дұрыс екені анықталды.

2016 жылы Тұрсынойдың 3 жастағы ұлы алғаш рет ауруханаға түскен. Содан  бастап ауруханаға жиі түсетін болған.

«Бүлдіршінде ишемиялық инсульт болды, алайда генезді анықтай алмадық. Анасының айтуынша, түнгі уақытта оның тырыспасы ұстап қалатын. Оны емдедік, алғашқыда жан сақтау бөлімінде болды, кейін бөлімге ауыстырдық. Толық жазылғаннан кейін үйіне жібердік», – дейді №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Марина Валиева.

Алайда біраз уақыттан кейін ми ишемиясына шалдыққан бала қайтадан жан сақтау бөліміне түседі. Алайда дәрігерлер одан ұстамалы ауруды байқамаған.

Биылғы жылдың қаңтар айында ауруханада адам шошырлық жағдай орын алды. Көршілес палатада жатқан науқас Тұрсынойды баласын буындырып жатқан жерінен ұстап алған. Ол Тұрсынойды итеріп жіберіп, дәрігерлер мен мебдикелерді шақыртқан. Ал олар өз кезегінде полиция шақырған.

Тәртіп сақшылары безбүйрек ананы бірден алып кетті. Ал дәрігерлер таңға дейін бүлдіршіннің жанында болған.

Бірінші сот инстанциясынан кейін күдікті жазаны жеңілдету туралы арыз жазды. Қазіргі уақытта облыстық сот тағы бір сараптама тағайындады. Себебі әйелдің ақыл-есінің дұрыс екеніне ешкім сенбейді.

Айта кетерлігі, Тұрсынойдың екінші перзенті – қызы шамамен жарты жыл бұрын ишемиядан көз жұмған.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар