Г.Головкин туралы жаңа деректі фильм жарық көрді

/uploads/thumbnail/20170710161331658_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өз жанкүйерлерін «Мен және бокс» атты деректі фильмін тамашалауға шақырды.

 Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Sports.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

«Ертеңнен бастап барлық Golden Boy Promotions платформаларында көрсетілетін «Мен және бокс» фильмін көріңіздер!», – деп жазды GGG өзінің Twitter-дегі парақшасында. Бұл қысқаметражды фильм пресс-тур аясында Лондон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес тұрғындарының назарына ұсынылып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. 

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Қатысты Мақалалар