Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161448137_small.jpg

Жантүршігерлік жол көлік оқиғасы Алматы қаласында Наурызбай батыр көшесінде орын алды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі newtimes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 26 маусым күні орын алған. Жас қыз жаяу жүргінші жолынан әлдеқайда жоғары жүріп өтпек болып, көлік дөңгелегінің астына түсті.

«Көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанғанына қарамастан қарама-қарсы жақтан келе жатқан көлікке жол бермеді. Қалыпты жылдамдықпен Наурызбай батыр көшесіне түсті. Ал зардап шеккен қыз жаяу жүргіншіге арналған сызықты жолдан 4 метр жоғары жерден жүгіріп шыға келді. Көлік соққысынан қыздың денесі 1,5 метрге биіктікке лақтырылды» деп хабарлады оқиға куәгері.

Зардап шеккен қыз 3 минуттан соң есін жиып, жедел жәрдем алып кеткен.

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар