"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) мен "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының Рейтингілік агенттігі" (АӨҚО РА) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамыту және инвесторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Қол қойылған құжат KASE мен АӨҚО РА арасында ұзақ мерзімді тиімді және өзара пайдалы ынтымақтастық үшін негіз болады. Ынтымақтастық шегінде KASE интернет-ресурсында АӨҚО РА ақпараттық және талдамашылық материалдарын жариялау арқылы, сондай-ақ, KASE тізіміне кіретін, компаниялардың АӨҚО РА қашықтан берген несиелік рейтингтері туралы мәліметтер жариялау арқылы, KASE және АӨҚО РА ақпараттық өзара әрекеттестігі жүзеге асырылады.
"Қор нарығын дамыту приоритеттік мақсаттардың бірі болып табылады, оны шешу Қазақстан Республикасының экономикасының тиімділігін арттыруға себептеседі. Қазақстан қор биржасы бүгінгі таңда, әмбебап қаржы нарығына айналып, осы нарыққа қатысушалыр, сауда-саттық алаңы шегінде жасалатын операциялар тәуекелдерінің минимизациясына мүдделі. Қашықтан берілген рейтингтер, болжамды тәуекелдер туралы белгілі бір түсінігі болатыны сөзсіз, дегенімен, ұлттық несиелік рейтингтерді жариялау, оларды беру жуырда қазақстандық листингілік компаниялар үшін тұрақты практикаға айналып, осы бағытта әрі қарай қарқынды жылжуға қол жеткізеді", – деді өз сөзінде Наталья Хорошевская, "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқарма Төрайымының орынбасары.
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингілік агенттігі" АҚ Басқармасының төрайымы Айгүл тасболат былай деді: "Халықаралық шкаламен қатар, ұлттық шкала бойынша рейтингтер беру – дүниежүзі бойынша инвесторлардың тәуекелдерін басқару тиімділігін арттыруға көмектесетін, несиелік тәуекелді бағалаудың эталоны болып табылады".