Қазком директорлар кеңесін таратып, қайта сайламақ

/uploads/thumbnail/20170710161641818_small.jpg

«Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі 2017 жылғы 28 маусымда өткен отырысында Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырту туралы шешім қабылдады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2017 жылғы 31 шілдеде Алматы уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша өтеді. Банк акционерлерін тіркеу рәсімі 2017 жылғы 31 шілдеде 10 сағат 30 минутта басталады. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілмеген деп танылған жағдайда, жиналыс 2017 жылғы 1 тамызда 11 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а мекенжайы бойынша қайта өткізіледі. Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылғы 30 маусымда Банктің акция ұстаушыларының тізілім жүйесіндегі деректер негізінде құрылады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналыстың күн тәртібін бекіту;

«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;

«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері құрамының көлемін анықтау;

«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелері өкілеттілігінің мерзімін анықтау;

«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау;

 «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мен өтемақы көлемін және оны төлеу шарттарын анықтау;

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 34а, 313 кабинет, телефоны +7 (727) 2 585 221  мекенжайы бойынша жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын акционерлерге танысу үшін ұсынылады.

Банктің жай акциялары негізгі активі болып табылатын депозитарлық қолхат ұстаушы -акционерлер Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу үшін 2017 жылғы 25 шілдеге дейін The Bank of New York-ке төмендегі мәліметтерді ұсынулары қажет:

меншік иесі — жеке тұлғаның аты-жөні / меншік иесі — заңды тұлғаның атауы;

акциялардың меншік иесінің азаматтығы / тіркелген елі, акциялардың меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатының атауы мен деректемелері;

меншік иесіне тиесілі акциялар саны;

Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына оның атынан қатысуға және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беруге уәкілетті ететін өз өкіліне берілген сенімхат.

Банк акционерлерге төмендегі туралы қосымша хабарлайды:

Қазақстанның орталық депозитарийді есепке алу жүйесінде жоқ, меншік иесіне тиесілі және оның номиналды ұстауындағы акциялар «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес дауыс беруші болып саналмайды.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 5 және 5-1 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 02 қазандағы №145 Қаулысымен бекітілген, банктік және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметі және бағалы қағаздар нарығындағы басқа да лицензияланатын қызмет түрлері мақсатында, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мен акционерлік инвестициялық қорлардың қызметі мақсатында, оффшорлық аймақтар тізіміне енетін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген үлестес тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе  оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

Қатысты Мақалалар