Қазақстан үкіметі 2015 жылдан бастап бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік жәрдемпұл тағайындайды. Оның көлемі 150 мың теңге болады екен.
Егер жетімдерді асырап алған отбасы оны бағудан бас тартып жатса, ел үкіметі белгілеген жәрдемпұл қайтарылынып алынады. Білім саласының статистикасына сүйенсек соңғы бес жылда балалар үйіндегі жетімдердің саны азайып барады екен. Бүгінгі таңда аталған орындарда 10 мыңның үстінде бала бар. Қазір мемлекет ондағы әр балаға айына 18 мың теңге қаражат бөледі.
Жетім ұл-қызды асырап алған отбасы, баладан бас тартқан жағдайда, мемлекет төлеген жәрдемақыны толықтай қайтаруы тиіс. Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайға тап болмасы үшін жеткіншекті өсіріп жеткізуге міндетті. Білім министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің саны күрт азайған. Қазіргі таңда 10 мыңның шамасында. Оның үстіне, мемлекет әр балаға айы сайын 18 мың теңгеден бөліп отыр. Бүгінгі күнге дейін жетім қалған балаларды мемлекет мекемелерінің қаржысымен қызмет иесі өз отбасында тәрбиелесе, бұл қызметі үшін олар ай сайын 35 мың теңге алып келген-ді. Енді қаңтар айынан бастап бала асырап алушыларға мемлекет төлем төлейді.
Зәбира Оразәлиева, БҒМ балаларды қорғау Комитетінің төрайымы:
- Жәрдемақы төлеудің ержелері бекітілді. Оны алу үшін жетім баланы асырап алушы Қазақстан аумағында тұруы тиіс. Бір айта кетерлігі жәрдемақы тек жаңа ата-аналарға беріледі. Бұған дейін асырап алғандарға берілмейді.
Сурет: azattyq.org
Пікір қалдыру