Мұхтар Әбілязовты елімізге Ресейден немесе Украинадан экстрадициялау бойынша Бас прокуратура қандай да бір келіссөз жүргізіп жатқан жоқ және жүргізген де емес. Бұл туралы құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Онда Бас прокуратура өкілдерінің халықаралық құқықтық ынтымақтастық принциптеріне сүйенетіндігін мәлімдеген. Таралған ақпаратта сондай-ақ, «Қазақстанның Бас прокуратурасы жолдаған сұратуының француз сотында қаралуын қадағалайды және Әбілязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының ізіне түсуін тоқтатпайды», делінген. Сондықтан, француз билігінен экс-банкирге қатысты Қазақстан тарапынан қозғалған қылмыстық істерді де ескеруін сұрайды. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан тарапы жолдаған сұрату Францияның әділет министрлігінде қаралып жатыр. Еске салсақ, Ресей мен Украинадан түскен сұратуларды 24 қазанда қараған Франция соты Әбілязовты Ресейге экстрадициялау туралы шешім шығарған болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=IEcPenPMCEU "Астана" арнасы
Пікір қалдыру