Рымғали Нұрғали. Америка театры

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

1751 жылы Нью-Йоркте ағылшын Л. Халлемнің жетекшілігімен АҚШ-тағы алғашқы профессионалдық театр труппасы ұйымдастырылды. Американдықтардың Англиядан тəуелсіздік алу үшін жүргізген соғысына (1775-1783) дейін Солтүстік Американың театр өнері ағылшындардың ықпалында болды. 1785 жылы Л. Халлемнің (кішісі) басшылығымен Нью-Йорк қаласында тұңғыш профессионалдық театр ашылды.

Американың алғашқы драматургтары XVI I ғасырда У. Данлоп, М.О. Уоррен, Р. Тайлер, Р. Берд, Д. Стоун болды. ХІХ ғасырдың басында АҚШ-тың көптеген қалаларында тұрақты театрлар ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдағы ірі актерлері: Э. Форрест, А. Олдридж, Дж. Джефферсон, Э. Бутс, 1896 жылы Нью-Йоркте «Театр синдикаты» ұйымдасты. Бұл Бродвей көшесіндегі коммерциялық театрлар деп аталатын театрлардың бастамасы болды. Олардың репертуары көбінесе музыкалық ревю мен шолулардан тұрды.

ХХ ғасырдың басында режиссер Д. Беласконың бастауымен туған театр қозғалысы Бродвей театрларының жай ғана көңіл көтеруге арналған спектальдеріне қарсы шықты. «Кішкене» немесе «репертуарлық» театрлар Беласконың инициативасын ілгері дамытты. Олардың ішінде «Гилд» театры (1919 жылы құрылған), Е. Ле Гальенн басқарған «Азаматтық репертуарлы театр» (1926-33), т.б. болды. Москва Көркем театрының 1923-24-жылдардағы гастролі актерлік өнердегі реалистік тенденцияның қалыптасуына, репертуарларына А.П. Чехов пьесаларының енуіне əсер етті. Бұл кездің ірі актерлері Дж. Бенами, Л. Хоуард, Е. Ле Гальенн, Барримор əулеті болатын. 30-жылдарда реалистік тенденция одан əрі дами түсті. Станиславский жүйесін қолдаған режиссер Г. Клермен бастаған «Групп» театрының (1931-40) үлкен маңызы болды. Оның репертуарына К. Одетс, Э. Райс, Дж. Х. Лоусон, т.б. пьесалары кірді. 1932 жылы «Юнион» театры ұйымдасып, озат драматургиялық шығармаларды кең тарата бастады. 30-40-жылдардың көрнекті актерлері К. Корнелл, П. Муни, Л. Адлер, Б. Мередит еді. АҚШ-та негр театрлары айрықша орын алады. Олардың ішінде «Лафайетт» жəне «Достасушылық» театрлары 20-30-жылдарда атаққа ілікті.

1950 жылы «Юнити» негр театры ұйымдастырылды. Негрлер тұрмысы жайында П. Питерс пен Дж. Скляр, Дж. Гоу мен А. Д’Юссо, Г. Тэнк пен У. Дюбуа бірнеше пьеса жазды. 30-40-жылдарда Ю. О’Нейл, Т. Уильямс, М. Андерсон, У. Сароян, т.б. драматургтердің даңқы шықты, бірақ бұлардың творчествосына идеялық қайшылықтар мен күйреу, торығу тенденциясы тəн болатын. Л. Хелманның буржуазиялық қоғамды сынау тұрғысынан бейнелеген шығармалары осы кезеңде жазылды. 40-жылдардың аяғында драматруг А. Миллер көзге түсті; ол өз пьесаларында гуманизмді, «кішкентай» адамның правосын қорғау тақырыбын көтерді. 50-жылдарда У. Инджаның психологиялық драмалары шықты. Американың көрнекті режиссерлері Э. Казан, М. Уэбстер, Х. Клермен репертуарлы театрда жұмыс істеді. Америка театр өмірінің орталығы – Нью-Йорк; онда Бродвей коммерциялы театрлары мен «кіші» театрлардың дəстүрін сақтап келе жатқан «Of Broadwav» театр тобы жұмыс істейді. Мұнда Инджа, Миллердің пьесалары, Батыс Еуропа драматругтерінің (Б. Брехт, т.б.) шығармалары қойылады. Бұл театрлардың актерлері ішінде Д. Робертс, Р. Харрис, Д. Уинард, Р. Престон бар. Соңғы кездерде «Бродвейден тысқарғы» деп аталатын театрлардың беделі күшейді. Бұлар АҚШ-тағы саяси жəне əлеуметтік құбылыс пен тəртіпке қызу қарсылық білдірудің орталығына айналды. Мұнда қойылған «Макберд» пьесасы (1967) қатты талас туғызды. Пьеса авторы «Жаңа солшылдар» саяси ағымына жақын жүретін 25 жасар қыз Б. Гарсон «Макбетке» пародия түрінде жазған осы туын- дысында Дж. Кеннедидің өліміне байланысты Джонсонның қылықтарын əжуалады. Бродвейден тысқары театрдың тағы бір спектаклі «Ура, Америка» – механикаланған американ цивили- зациясының қаталдығын сынайды. М. Теридің «Вьет Рок» пьесасы Вьетнам соғысына қарсы жазылған. АҚШ-тың барлық театрлары жекеменшікте. Репертуарлы театрлардың бірсыпырасы абономенттік жарна қаржысына сү- йеніп, өмір сүреді. Кейбір театрлар финанс жағынан таршылыққа ұшыраса, енді біреулері жаңадан ашылып жатады. АҚШ университеттерінің де театрлары бар. Олар көбінесе классикалық пьесаларды қояды.

Қатысты Мақалалар