"Шабыт" лауреаты - Батырхан Сәрсенхан

/uploads/thumbnail/20170708155553288_small.jpg

XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» («Поэзия») аталымы бойынша Гран-при жүлдесін Түркістаннан келген талантты жас ақын Батырхан Сәрсенхан иеленді. Жүлделі І орынды ақын Олжас Қасым, жүлделі ІІ орын тараздық талантты ақын Хамит Есаман, жүлделі ІІІ орынды қарағандылық ақын Жадыра Байбұланова иеленді.

Халықаралық конкурстың арнаулы сыйлықтарының иегерлері:
Астана қаласы әкімдігінің ҚР Халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығының иегері – Әлия Іңкәрбек
Астана қаласы әкімдігінің Нағима Өтепова атындағы арнайы сыйлығының иегері  – Калича Жакыпова
«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әмірхан Балқыбек атындағы арнайы сыйлығының иегері – Бекзат Смадияр
«Казконтент» АҚ «Әдебиет поталы» Интернет-жобасының Әбділда Аймақ атындағы арнайы сыйлығының иегері – Шерхан Талап
«Фолиант» баспасының Кәкімбек Салықов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Динара Мәлік
«Ұлт» порталының Төлеужан Исмайылов атындағы арнайы сыйлығының иегері – Нұржан Қадырәлі
«Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының иегері – Саян Есжан

Қатысты Мақалалар