«112 Украина» арнасында Дмитрий Гордонның авторлық бағдарламасында ақын, аудармашы, сценарист, қоғам қайраткері Иван Драч Қазақстан президенті туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі gordonua.com- ға сілтеме жасап хабарлайды.
-Сізге Назарбаев президент ретінде ұнайтынын білем-дейді Гордон.
-Мен үшін Нұрсұлтан Әбішұлы-аса қатты қызығушылық тудыратын адам. Жоқ дегенде латынды енгізіп жатқандығы үшін. Мұның өзі керемет бастама. Мен өзім жеке басым онымен етене жақын таныспын. Жалпы, Қазақстанда Олжас Сүлейменовтен бастап көп таныстарым мен достарым бар.
Мен бұл халықты құрметтеймін. Оларға жақсы көшбасшы жолықты деп есептеймін. Мен біздің 5 президентті бір Назарбаев үшін алмастыра салар едім..-деді ол.
Пікір қалдыру