Шавкат Мирзиеевтың Өзбекстанның билік басына келіп, Президент қызметін атқарып жатқанына бір жылдың шамасы болды. Ал Мирзиеевтың алғашқы қадамдарына қарап тарихқа реформатор ретінде енгісі келетінін байқауға болады. Mk.ru сайтында Артур Аваков есімді сарапшының мақаласы жарық көрді. Осы жайында нақтырақ Қамшы ақпараттық агенттігі жазады.
Қаржы реформасы
Посткеңестік мемлекеттер арасында Өзбекстан өзінің банктік реформасына осы уақытқа дейін еш көңіл бөлмеген. Мысалы, бірнеше жыл бұрын елде банк карточкалары таратылғанымен, оны қолданатын банкоматтар болмады. Алайда жаңа Президенттің билікке келуімен жағдай басқаша реңк ала бастады. 2017 жылдың соңына дейін ел астанасы Ташкентте халықтың қолданысына мың банкомат орнатылып, тұрғындар барлық банктің карточкасынан қаржы алмасуға мүмкіндікке ие болмақ. Құрылғы 50 адамнан астам қызметкер жұмыс істейтін барлық жергілікті банктерде орнатылмақ.
Айта кетсек, Өзбекстанда өткен жылмен салыстырғанда банк карточкаларының саны артқан. Оларды өндіретін тағы бір компания ашылды: UzCard 2004 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр ,ал GlobUzCard 2017 жылдың 8 сәуір күні өз жұмысын бастады. Жаңадан қызметке қосылып жатқан банк бүгінде шетелмен қаржы алмасу үшін жұмыстар жүргізуде.
2017 жылы ел валютасы 15% -ға құнсызданды. Бүгінде 1 доллардың құны 3820 сомға тең , ал өткен жылы жазда ресми мәліметтер бойынша доллар құны 2950 сомға тең болған.
Жаңа өндірістер
Өзбекстанның тағы бір табыс көзі – мақта. Ал елде мақтаны әлі күнге дейін қолмен жинайды. Қыркүйек айының басында осы мәселе төңірегінде ел Президенті Мирзиеев жаңа заң қабылдады. Ол заңда әйелдердің еңбегінің бағалануы , кәмелет жасқа толмамағандарға арналған бап та бар, зейнет жасқа жеткендердің еңбегі де сөз етіледі. Мақта алаңында жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі оқушылар мен студенттер екенін айта кеткен жөн.
Елдің сыртқы саясаты
Мирзиеев мемлекет басына келгелі 10 айдың жүзі болды. Осы ай оның саясатында ең табысты жылдар болып саналады. Оған тек сыртқы көршілерімен экономикалық байланыс қана орнатып қойған жоқ, шекара ісін де қолға алды. Атап айтсақ, Президент атанғалы бері Түркіменстан, Қазақстан, Ресей, Қытай , Қырғызстан тіпті АҚШ-пен байланыс орнатты.
Түркімен жұртының Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Өзбекстанға түркімен порттары арқылы Каспий теңізіне шығуға рұқсат берді. Сонымен қатар көрші елмен 2020 жылға дейін мәдениет, экономикалық байланыс бойынша құжатқа қол қойды.
Елдің ішкі саясаты
Өзбекстанның ішкі саясатында да біршама қиындықтар орын алды. Оның бірі елдің Президенті бір жиналыста жайып салды. Милиционерлер ел үшін емес өз бас пайдалары үшін қызмет ететінін айтты. ІІБ басшылары мен прокурорларға өздерінің не іспен айналысып жүргендері жайында халық алдында есеп беруді талап етті. Елдегі құқық қорғаушылардың қателігіне басшылықтан бастап жауап алынатын айтты.
2016 жылға дейін Өзбекстанда құқық қорғаушыларға қойылатын шек болмайтын. Жаңа заң бойынша, полиция қызметкерлері әйелдер мен балаларға, мүгедектерге, сонымен қатар топ адамның ішіндегі қылмыскерге оқ атуға болмайды. Ал екінші жағынан олар кез келген уақытта кез-келген үйге кіріп, қарақшыларды ұстауға құқылы. Сонымен қатар Өзбекстанда дене жарақатын салуға тыйым салынды.
Күдіктіні құқық қорғаушылар соққының астына алмайтынын білу үшін 2017 жылдың соңына дейін барлық тергеу бөлімдерінде аудио және видеобақылау жұмыс істейді.
Елдің денсаулық саласына бет бұрсақ. Бүгінде денсаулықсақтау бөлімінде барлығы жемқорлықпен тікелей байланысыты. Ең жемқор медицина саласының қызметкерлері ретінде Президент акушерлерді атады. Президент барлық жемқор қызметкерлерді жұмыстаншығарып, жас қызметкерлерді жұмысқа шақырмақ.
Сонымен қатар елдегі балалар дәрігері мен жасөспірімдер гинекологиясын қайта қолға алуды ұсынды. Ұсынысы нақты шешімге жалғасып, ауылдық жерлердегі медицина бөлімшелерін көбейтуді іске қосты.
Ал Президент Мирзиеевқа кең ауқымды заңдарды қабылдаудың не керегі бар және соңы немен аяқталады?!
Осы сұраққа Джордж Вашингтон атындағы Халықаралық Қатынастар университетінің сарапшысы Рафаэль Сатаров жауап берді:
Қабылданған жаңа заңдарға қарамастан, Өзбекстан саясаткерлері либеральды реформадан қашып құтыла алмайтындары жайлы айтуда. Ал Мирзиеев классикалық авторитарлы мемлекет басшысы болып шықты. Ол қабылдаған заңдар мен жаңа реформалардың көпшілік әлі де болса бұрынғы қалыптан дамығандығын мойындай алмай отыр.
Сонымен қатар, Өзбекстанның БАҚ өкілдеріндегі еркіндікті айтпай кетуге болмайды. Бұрын журналистердің министрлерге ұрысып немесе мемлекеттік емес саясаткерлерге сөз бергендерін байқаған емеспін. Бұл Ресей үшін қалыпты жағдай болу мүмкін, алайда Өзбекстан үшін үлкен бастама. Біртіндеп халық өз ойларын ашық жеткізуден жауапқа тартыламыз деген ойды қоятын болады.
Аударған: Айгерім Таубай
Пікір қалдыру